Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық даму банкі БАҚ өкілдеріне арналған байқау жариялады

Еуразиялық даму банкі БАҚ өкілдеріне арналған байқау жариялады

Еуразиялық даму банкі жыл сайын өтетін Үшінші "Еуразиялық интеграция және даму - ХХІ ғасыр" атты шығармашылық байқау жариялады.

Бұл байқау осы аймақтағы елдердің экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту мен дамытуды көздейді. Ол еуразиялық кеңістіктегі интеграция туралы нақты ақпарат таратуға бағытталған. Сайысқа Еуразиялық даму банкіне мүше елдердің журналистері қатыса алады. Олар: Армения, Берларусь, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан.

Конкурсқа келіп түскен материалдарды әділ бағалау мақсатында осы елдердегі Журналистер одағының басшыларынан Сарапшы кеңес жасақталды.

Байқау туралы толық ақпарат мына жерден аласыз.

Анықтама: Еуразиялық даму банкі - Ресей және Қазақстанның бастамасымен 2006 жылы қаңтарда құрылған халықаралық қаржылық ұйым. Оның мақсаты - мүше мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамыту мен өсуіне ықпал ету және сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейту.  Оның жарғылық капиталы 7 млрд доллар. Банктің мүше мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы.

ЕАДБ баспасөз қызметінің контактілері: +7 (727) 244 05 45 (Алматы) +7 (495) 645 04 45 (Мәскеу)

 

Похожие материалы