Еуразиялық Eurasian Resources Group тобы 2015 жылы Ақтөбе облысындағы арнайы жобалар үшін 850 млн теңге бөледі деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.
Қаржыландыру ERG құрамына кіретін "Қазхром" трансұлттық компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Жекелей алғанда, бөлінген қаржы жол құрылысына, облыс орталығындағы тұрғын-үй шаруашылығын қамтамасыз етуге, Хромтау қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Хромтау кен-техникалық колледжіне демеушілік жасауға, республикалық және халықаралық көлемдегі спорттық іс-шараларды қолдауға, облыстық балалар үйін қаржыландыруға жұмсалады.
Осыған дейін 2012-2014 жылдар аралығында ERG облысты дамытуға 2,2 млрд теңге бөлген еді.