
Қазақстан, Ресей және Беларуссия президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенконың үш жақты кездесулері жақын күндері Астанада өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР-ның сыртқы істер министрлігі хабарлайды.
ҚР-ның СІМ атап өтуінше, Минскдегі Қазақстан елшісі Ерғали Бүлегенов Беларуссияның сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездескен. Еуразиялық үштіктің кездесуі Астанада өтпекші.
"Кездесу кезінде халықаралық алаңдардағы әріптестік мәселереі қаралды. Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Беларуссия президенттерінің Астанада жиналу мүмкіндігі талқыланды",-делінген ведомства таратқан хабарламада.