Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Қытаймен сауда қарым-қатынасын арттыру туралы директиваға келісім берді. Бұл туралы Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлімдеді.
"Біздің жұмыстың тағы бір маңызды бөлігі - бұл негізгі сыртқы серіктестермен сауда қатынастарын теңестіру. Бұл Қытайға байланысты болып отыр. Аталған мемлекеттің әлем бойынша да және ЕАЭО елдері үшін де мәні бар. Сондықтан біз Қытаймен директивалық келісім жасадық,",- деді ол.
Сондай-ақ, ол Қытай тарапымен болған келісімдерді созбай бірден іске кірісу керектігін атап өтті.