Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуро Одақ ресейлік банктерге санкция салды

Еуро Одақ ресейлік банктерге санкция салды

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz —  Еуропалық Одақ мемлекет қатысатын бес ресейлік банкке шектеу қойды - ВТБ, ВЭБ, Сбербанк, Газпромбанк және Россельхозбанк. Олардың еуропалық қаржы нарығына қолжетімділігі шектеледі. Еуропалық Одақта тіркелген осы қаржы институттарының «еншілес ұйымдары» салалық санкциялардан шығарылды.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, жаңа шектеулер мұнай саласына, қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен қосарлы мақсаттағы өнімге қатысты болады. Шешімге сәйкес, авиация және ғарыш саласындағы санкциялардың қолданылуы тек әскери бағытпен шектеледі.

Санкциялар бір жылға есептелген, алайда Брюссельде олар үш айдан кейін қайта қаралуы мүмкін.

Похожие материалы