Еурокомиссия Google компаниясына бәсекелестік заңын бұзды деген айып тақты
Европалық комиссия Google компаниясына Еуропалық Одақтың монополияға қарсы заңын бұзды деген айып тағып, оны ресми түрде жариялады. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Еурокомиссия аталған интернет алпауыты Android операциялық жүйесін пайдаланған компанияларға қысым көрстетті деген болжам жасап отыр. Құжатқа сәйкес, Google монополияға қарсы заңнамаға сәйкес қадағалау органдарының талаптарын жоюға тырысқан. Егер компанияның кінәсі дәлелденсе айыппұл салынуы мүмкін.
Сондай-ақ, Еурокомиссияның бәсекелестікті бақылау жөніндегі төрағасы Маргрет Вестагер Google кейбір мобильді телефон өндіруші компанияларға мәжбүрлі түрде өз бағдарламаларын орнатып, тұтынушылар мен бәсекелестік құқығын бұзғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, компактілі мобильдік құрылғылардың 80 пайызы Android операциялық жүйесін қолданады.
Ал Google компаниясының бірінші вице-президенті Кент Уокер аталған мәселені Еурокомиссиямен ынтымақтастық арқалы шешуге үмітті екенін атап өтті.