Лондон. 13 шілде. 7kun.kz - Лондонда беделді халықаралық Euromoney баспасының Орталық және Шығыс Еуропалық компанияларға 2017 жылы жеткен ерекше жетістіктері үшін берілетін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық қаржы институттарынан "Қазақстанның Халық банкі" үздік деп танылды.
Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық қаржы секторындағы қиын кезеңіне қарамастан, Халық банктің жоғары кәсіби басшылығы нарықта банк позициясын сақтап қалды. 20 пайыздан кем емес капитал кірісін қамтамасыз етті. Банк тәуекел мен қоржынның сапасына зор мән береді. Халық банк бөлшек, корпаративтік және бизнесті несиелендіру бағытында коммерциялық әмбебап банк ретінде банк бизнесінің барлық сегменттеріне қатысады.
«Соңғы жылдары Euromoney баспасынан Қазақстанның үздік банкі ретінде арнайы марапат алу дәстүрге айналған. Казкомды сатып алу келісімінің қорытындысы бойынша, Halyk group ТМД-дағы жекеменшік қаржы тобының көлемі бойынша үшінші болады", — деді "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның төрағасы Үміт Шаяхметова.
Баспасөз сарапшылары операциялық кіріс пен шығыстың ара қатынасы, таза кіріс пен қаржы институты капиталының мөлшерін айқындап, қаржы институтының тиімділігін ерекше атап өтті. Euromoney-дің марапат беру шешімі банк секторының жылдық зерттеу және аймақтың қарыз нарығындағы капиталдық көрсеткіштерінің нәтижесінде қабылданады.