Еуроодақ басшылары Google-ге монополияға қарсы заң бұзғаны үшін айыппұл салмақ
Еуроодақтың антимонопольды реттегіші Google Inc. компаниясына қарсы монополияға қарсы заң бұзғаны үшін ресми түрде айып тақпақ. Бұл туралы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап The Wall Street Journal басылымы хабарлайды.
Дереккөздің сөзінше, шағым түсіру туралы шешім бәсекелестік жөніндегі еурокомиссар Маргрет Вестгармен қабылданып, еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкермен келісілген. Бес жылдық зерттеу нәтижесінде Google іздеу жүйесінің тұтынушыларды өздерінің саяхаттау, сауда сервистеріне бағыттап, өз тауарларын ұсыну арқылы, бәсекелестеріне қысым жасап отырғандығы анықталды. Компанияның мұндай саясаты үшін 6 миллиард доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Еурокомиссия Google-дің әрекетіндегі негізгі төрт проблеманы атап өтеді: іздеу жүйелерінің нәтижелерімен айла-шарғы жасау, бәсекелес веб-сайттардың контентін алу, нарық қатысушыларының басқа платформаларды пайдалану мүмкіндігін шектейтін келісім-шарттар жасауы, жарнама берушілермен келісімдердің оларды бәсекелес іздеу-жарнама жүйелерінің сервистерін пайдаланбауға міндеттейтіндей құрастырылуы.
Осыған дейін Ресейде де антимонополды заң нормаларын бұзғандығына байланысты америкалық компанияның үстінен шағым түсірген еді. 18 ақпан күні "Яндекс" федералды антимонополды қызметке (ФАҚ) арыз жазып, Android операциялық жүйесінің Google және басқа сервистерден алыстатылуын талап еткен. ФАҚ істің қаралуын мамырдың екінші жартысына кері шегерді.