Экономика
Еуроодақ елдері арасында ұялы байланыс роумингі тоқтайды
2017 жылдан бастап Еуропалық одақ елдері арасында ұялы байланыс роумингі тоқтатылады. Мұндай заңды сейсенбі күні ЕО-ның біріңғай сандар нарығы аясында Еуропарламент қабылдады.
"Бүгінгі берілген дауыс Еурокомиссияның интенсивті күшінің соңғы нәтижесі болды. ЕО елдері арасындағы роуминг пен ашық интернетті шегеруге бағытталды", - деді Еурокомиссия төрағасының орынбасары Андрус Ансип.
"2017 жылдың маусым айынан бастап ЕО-ға келуші еуропалықтар өз ұялы байланыс құрылғыларында пайдаланып жүрген ақы түрін төлей береді", - деді ол.
А.Ансип бүгінгі жетістік ЕО елдері арасындағы телекоммуникация қызметінің біріңғай нарығы үшін жасалған алғашқы қадам екенін атап өтті. Келесі жылы еуоодақтың телекоммуникациялық қызметі көлемді түрде қайта қаралады.
ЕО комиссары Гюнтер Эттингер ақпараттық қоғам мен сандық экономикаға жауап бере отырып, алдағы уақытта роуминг тек есте қалатынын жеткізді.
Оның сөзінше, заң нормалары әрбір ЕО тұрғындарының интерент контентіне қолжетімділік құқығын қорғайды және халық ЕО сандық нарығының фрагментациясынан құтылып, бизнес үшін құқығын қорғай алады.