Financial Times басылымының жазуынша, Еурокомиссия босқындарды қабылдаудан бас тартқан ЕО-қа мүше елдерге әр босқын үшін 250 мың еуро көлемінде айыппұл салуды ұсынуы мүмкін.
Еуроодақ елдерінің басым бөлігі Еуропаға ағылған босқындар дағдарысын шешу үшін, екі жыл ішінде өздерінде 160 мың босқыннан орналастыру квотасын енгізуге келіскен.
Алайда Словакия, Венгрия, Чехия, Польша, Хорватия мигранттарға қарсы көзқарас ұстанады. Заңсыз мигранттар бұл елдердің аумағы арқылы Германия және Швеция секілді Еуропаның тұрмысы жоғары әрі ауқаттырақ елдеріне өтуді көздейді.
Бір ғана 2015 жылы Германияға миллионнан астам босқын келген.