Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуротоп Грецияға байланысты төтенше түрде жиналыс өткізбек

Еуротоп Грецияға байланысты төтенше түрде жиналыс өткізбек

Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері  грек қарызына байланысты 11 ақпанда шұғыл түрде жиналыс өткізбек деп хабарлады Еуротоп төрағасы Йерун Дейсселблум Twitter-дегі микроблогында.

Осыған дейінгі келіссөздер кезінде Грекия еуропалық әріптестеріне серіктестіктің жаңа шарттарын  келісу үшін тағы да уақыт бере тұруға көндіре алмаған еді.

Өткен аптада Берлинге барған Грекия қаржы министрі Янис Варуфакистің Афиныға 3 айлық  бридж-несие беру туралы идеясы да  қолдау таппады.

Оның германдық әріптесі Вольфганг Шойбле журналистерге келіссөздерден ешқандай прогресс шықпағандығын және бұрынғысынша Афинамен әріптестік шарттарын өзгертудің ешқандай қажеттілігі жоқ  екендігін мәлімдеді.

Грекияға берілген көмек  бағдарламасының уақыты ақпанның соңында біту керек. Егер мемлекет бағдарлама аяқталмай тұрып, қарызды қайтарудың жаңа келісім-шарттарын нақтыламаса, шілде –тамыз айларына қарай ел дефолтқа ұшырауы мүмкін.

Еуропарламент президенті Мартин Шульц Handelsblatt неміс басылымына берген сұхбатында егер осыған дейін бекітілген талаптарды орындамаса, елдің банкрот деп танылатындығын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, үкіметтің басқа таңдауы жоқ, олар мойындарына алған міндеттерді орындауы қажет.

Ал осы аптада Еуропалық орталық банк (ЕОБ) Грекия үкіметін одан әрі қыса түсіп,  кепілдеме ретінде мемлекеттің облигацияларын алудан бас тартып, елдің банк жүйелеріне берілетін қаржы сомасына шектеу қойды.

Похожие материалы