Экономика
Еуротоп пен Грекия келісімге келе алмады
Гректер қаржылай көмек бағдарламасын 6 айға созу үшін қойылған шарттарды қабылдамағандықтан, Грекия мен Еуротоп өзара келісімге келе алмады. Бұл туралы euronews.com хабарлайды.
Еуротоп ұсынған келісімнің жобасы бойынша, халықаралық қарыз шарттарын ұзарту және бюджеттік шығындар үшін қатаң үнемдеу саясаты енгізілуі керек. Нидерландының қаржы министрі Йерун Дейсселбулмның сөзінше, алдымен бағдарламаны ұзартып алып, содан кейін ғана оның мазмұнын талқылау қажет.
Ал Грекия үкіметі халықтың басым бөлігі кері қайтарған шарттармен келісе алмайтындықтарын мәлімдеді. "Біз сайлаушылар тарапынан ұсынылған бағдарламаны іске асыру үшін 6 ай күте тұруды ұсындық. Бірақ бізге берілген жауаптың мәні толыққанды түсіндірілген де жоқ",-дейді Грекияның қаржы министрі Яннис Варуфакис. Грекия үкіметінің пікірінше, қарыз шарттары елдегі экономикалық құлдырауды тереңдете түседі.
Егер 28 ақпанға дейін Афина билігі мен Еуротоп бір шешімге келмесе, элладалықтардың қаржылық жағдайы үлкен қауіп астында қалмақ.