Астана. 17 қазан. 7kun.kz - «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында көрмеден кейінгі іс-шараларға 20 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Қаржы министрі 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсына отырып, көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізу және ЭКСПО аумағында кеңселерді дайындау үшін 20 млрд теңге қарастырылғанын айтады.
Заң жобасы Үкімет тарапынан мақұлданды. Жақын арада парламентке ұсынылады.