Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

EXPO әлемнің үздік технологияларын бір жерге шоғырландырды - Рахымбекова

EXPO әлемнің үздік технологияларын бір жерге шоғырландырды - Рахымбекова

Астана. 27 қазан. 7kun.kz - Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің Экология жөніндегі комиссияның басшысы Салтанат Рахымбекова "ЭКСПО-2017" көрмесінің үздік технологияларды бір жерге шоғырландырғанын атап өтті деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу әлемнің үздік технологияларын бір жерге шоғырландыруға, сонымен қатар отандық ғылымның әлеуетін ашуға мүмкіндік берді», — деп есептейді Салтанат Рахымбекова.

Оның айтуынша, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында белгіленген стратегиялық міндеттер мемлекеттік саясатты анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік энергетикалық тізім енгізілді, заңнамаға энергия сервистік келісімдер, кәсіпорындарда энергетикалық аудиттар жүргізу түсінігі енгізілген.

Министрліктің хабарламасында, Рахымбекова Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы халықаралық көрмені өткізуге қолдау көрсетіп, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының шаралары мен "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасын іске асыруға көмек көрсету үшін жасыл бастамалар мен жобалардың қомақты қоржынын әзірлегендігі туралы айтылған.

Сондай-ақ, ол Қазақстан экономикасының энергия үнемдеу саласында үлкен әлеуетке ие екенін және энергия үнемдеуші әрі энергия тиімді шараларды енгізу есебінен тек ТКШ саласының өзінде ресурстарды тұтыну көлемін 40 пайызға дейін төмендетуге болатынын атап өтті.

Мысал ретінде Рахымбекова "Арнасай" орталығын атады. Оның аумағында 35 "жасыл" технология апробацияланған, сонымен қатар 2014 жылы іске асырылған, сорғы паркін 100% жаңғырту бойынша "Атырау су арнасы" КМК жобасын айтуға болады.

"Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, біз EXPO-2017 мұрасын сақтау үшін, еліміздің экономикасына жасыл технологияларды белсенді түрде енгізудің Жол картасын әзірлеу қажет деп есептейміз", — деп сөзін түйіндеді Рахымбекова.

Похожие материалы