Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕЖДБ Қазақстанның 2015 жылғы ЖІӨ 1,5%-ға дейін нашарлатып болжады

ЕЖДБ Қазақстанның  2015 жылғы ЖІӨ 1,5%-ға дейін нашарлатып болжады

Еуропа жаңғыру және даму банкі(ЕЖДБ)  2015 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1,5% көлемінде болады деген болжамы  банктің қаңтар айындағы шолуында аталып өтті.

2014 жылы қыркүйек айындағы ЕЖДБ  болжамында республика ЖІӨ өсімі 5,1% болады делінген. "Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылы экономикалық жағдайдың нашарлауы күтілуде. Бұл жағдайды түзеуге жаңа қысқамерзімді саясатпен бірге өткен жылы желтоқсанда Ұлттық экономика министрі хабарлаған«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы және Ұлттық банктің банк секторындағы мәселелі несиелердің үлесін қысқартуға қолданған шаралары көмектесе алады", - деп атап көрсетілген банктің қаңтар айындағы шолуында. ЕЖДБ болжамы бойынша 2015 жылы Қазақстандағы инфляция көлемі  6,5% болуы мүмкін. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 4,3%-ға өсіп, инфляция 7,4%-ды құрады.  

Похожие материалы