Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook - Қазақстандағы экстремистер арасында ең танымал әлеуметтік желі

Facebook - Қазақстандағы экстремистер арасында ең танымал әлеуметтік желі

Facebook заңсыз контент көп таралатын әлеуметтік желі. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің басшысы Михаил Комиссаров айтты. Қазақстандағы экстремизм идеяларын таратуда ең танымал әлеуметтік желілер туралы түсіндірген ол әлеуметтік желілердің бірқатары заңсыз матреиалдар таратып отыр.

"Қазақстан Республикасында қолданыстағы ең танымал  желілер - ВКонтакте, Facebook, осыдан кейін Twitter. Құқыққа қайшы, заңсыз контенттердің таралуы қарқын алған желі - Facebook, ал видеопорталға келсек Youtube алға шығады. Себебі онда әркім қалаған видеоларын сала алады. Бұлар заңсыз материалды таратуға себепші болып отыр",- деді М.Комиссаров. "Біз тиісті әлеуметтік желілерде хабарламалар жіберіп жатырмыз. Көп жағдайларда иелері бізбен байланысқа шығады және ерікті түрде парақшаларын жояды", - дейді ол. Оның айтуынша, мұндай ақпараттардан 100% қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Похожие материалы