Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook түрлі шоу мен сериалдар шығаратын болды

Facebook түрлі шоу мен сериалдар шығаратын болды

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Facebook желісі өзінің жеке видеоконтентін шығарады. Бұл туралы жобамен таныс дереккөзге сілтеме жасап Wall Street Journal жазды.

Компания аптасына бір рет шоу форматында 30 минуттық роликтер, бағдарламалар немесе сериалдар көрсетуді жоспарлауда. Тақырыптар жаңалықтар емес, негізінен спорт, ғылым, поп-мәдениет, өмір стилі, видеоойынды қамтиды. Бір видеоны шығаруға Facebook 500 мың доллар бөлуді жоспарлауда. Компания басылымға бұл ақпарат жайлы ештеңе айтпады.

Қызықты видеоконтент жасау үшін әлеуметтік желіге қазір ТВ деңгейінде эксклюзивті жобамен жұмыс істеп жатқан CollegeHumor сайтының бірлесіп негізін қалаған Рик Ван Вин, MTV музыкалық телеарнасының бұрынғы топ-менеджері Мина Лефивре, YouTube және Google Play музыкалық әріптестігі бойынша бұрынғы директор Тамар Хривнак қосылды.

Бұдан бұрын Марк Цукерберг Facebook базасында жаһандық қоғамдастық қалыптастыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен айналысуға ниетті екені хабарланған.

Похожие материалы