Facebook әлеуметтік желісі "ұнайды" (Like) батырмасының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы Facebook-тің негізін қалаушысы Марк Цукерберг өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
"Біз сынақ мерзімінде Like батырмасының аса айқын түрін іске қостық. Батырма ұзақ уақыттан бері Facebook-тің бір бөлігі болып келді. Күн сайын миллиардтаған "лайктер" басылады. Әрі бұл жазбаға деген пікір білдірудің ең қарапайым жолы. Көп жылдар бойы қолданушылар тарапынан "дислайк" батырмасын қосу туралы өтініштер келді. Себебі желі пайдаланушылары үшін мазмұны жағымсыз жазбаларға, не сұрақтарға «лайк» басу дұрыс пікірін жеткізбеуге апарады"-деді М.Цукерберг.
Батырманың жаңа версиясы "Реакция" (Reaction) деп аталады. "Батырма қолданушының сезімін жеткізуге жаңа мүмкіндік береді. Бұл "дислайк" батырмасы емес, бірақ бұл батырмалар пайдаланушының көңіл білдіріп, қайғылы болып отырған сезімдерін оңай жеткізеді" - деп түсіндірді Цукерберг.
Facebook Ирландия мен Испанияда "Реакция" (Reaction) батырмаларының жұмысын тексеріп жатыр. Бұл тексерістен кейін әлеуметтік желі осы жаңа батырмаларды барлық жерлерде іске қосады. "Біз барлығына ұнайды, нақтырақ айтқанда сезімін білдіру жағынан ұнайды деп үміттенеміз",- деп жазды Facebook қалаушысы өзінің парақшасына.