Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook-те музыка пайда болды

Facebook-те музыка пайда болды
Facebook әлеуметтік желісі iPhone қолданушылары үшін Music Stories қызметін іске қосты. Ол әлеуметтік желіде тікелей әуен үзінділерін тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы компания ресми блогында хабарлады.  Music Stories-те тек Apple Music және Spotify сервистерінің тректерін тыңдауға мүмкіндік бар. Бірақ аудиожазбаларды тыңдау үшін аталған сервистерде тіркелу немесе аккаунттары болуы міндетті емес. Facebook Music Stories үшін серіктестер тізімін кеңейтуге уәде берді. Тыңдап, бөлісуге болатын тректер ұзақтығы отыз секундты құрайды. Мұндай жазбаны басқанда, қажетті сервиске өткеннен кейін ғана музыканы таңдаулыға сақтап немесе сатып алу арқылы ғана тыңдауға болады. The Verge порталының жазуынша, қызмет тек әлеуметтік желінің iOS қосымшаларында ғана қолжетімді.

Похожие материалы