Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Федор Емельяненко рингке қайта оралғаны үшін 2,5 млн доллар алады

Федор Емельяненко рингке қайта оралғаны үшін 2,5 млн доллар алады

Аралас жекпе-жек күресі түрінен танымал ресейлік спортшы Федор Емельяненко рингке қайта оралғаны үшін 2,5 млн доллар пайда табатын болады. Бұл жөнінде Allboxing.ru. хабарлайды.

Спортшы 31 желтоқсан күні жапондық Сайтамеде өтетін турнирді ұйымдастырып отырған компаниямен бір жылдық келісім-шарт жасасты. Емельяненко осы жарыстардың аясында болатын бір сайысқа қатысатын болады. Әзірге қарсыласы кім болары белгісіз.
Федор Емельяненко ауыр салмақта ММА аралас жекпе-жек бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол «Pride FC» нұсқасы бойынша 4 дүркін, «RINGS» нұсқасы бойынша 3 дүркін және «WAMMA» нұсқасы бойынша 3 дүркін чемпион. Сондай-ақ ол әскери самбо бойынша 4 рет әлем чемпионы атағын еншілеген.

Похожие материалы