Сан-Франциско. 2 ақпан. 7kun.kz - Әлемде кеңінен қолданылатын әлеуметтік желі Facebook Inc. 2016 жылдың 4 тоқсанында таза табысын екі есе арттырған. Сондай-ақ жарнамадан түскен пайданың арқасында түсім 51%-ға артқан. Компанияның табысы алдына ала жасалған болжамдардан жоғары.
Facebook-тің баспасөз релизінде жазылғандай, оның таза табысы 2016 жылдың қазан-желтоқсан айында 3,57 млрд долларды құрады. Ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде пайда 1,56 млрд доллар болған.
Facebook-тың жалпы табысы осымен 5 тоқсан ішінде 50%-дан жоғары болып отыр. Алайда компания өкілдерінің сөзінше, өсім көлемі баяулаған және бұл жарнамалық хабарлардың шектелуімен байланысты.
Ал Thomson Reuters агенттігінің сауалына жауап берген сарапшылар компанияның табысы акциялары 1,31 доллар болған жағдайда 8,51 млрд доллар болады деп болжаған. Алайда көрсеткіш сарапшылардың болжамынан асып кетті. Осылайша 2016 жылы Facebook-тың таза табысы 177%-ға дейін немесе $10,2 млрд долларға жетті.