Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Financial Times ең үздік бизнес мектептердің тізімін жариялады

Financial Times ең үздік бизнес мектептердің тізімін жариялады

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Британдық Financial Times басылымы  жыл сайын әлемдегі ең үздік 100 бизнес-мектептің рейтингісін жариялайды. 2018 жылы әлемдегі ең үздігі болып Стэндфорд Университетінің бизнес-мектебі атанды, деп мәлімдеді delo.ua сайты.

MBA бағдарламасындағы бизнес мектеп бірқатар критерийлер бойынша бағаланған: түлектердің мансап жолында өсуі, оқу орнының жаңашылдығы, студенттік ұжымның этникалық пен мәдени әртүрлілігі және оқытушылар құрамы.

Бизнес мектептерді саралау - түлектердің табысы бойынша қарастырылған. Яғни, мектептен алдын қанша, мектептен кейін табысы қаншалықты болғаны туралы.

Сауалнаманың негізінде "Value for money" анықталады. Яғни, сіздің сол мектепте MBA бағдарламасында оқу үшін төлеген ақшаңыз қаншалықты ақталғаны белгілі болады.

2018 жылы  әлемнің ең үздік 100 бизнес-мектебінің арасында бірінші орынды Стэндфорд Университетінің факультеттерінің бірі - Stanford Graduate school of business алды. Аталмыш мектептің түлектерінің ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары мен ірі халықаралық компаниялардың негізін қалағандар бар. Түлектердің орташа жалақысы - 21 4742 доллар (рейтингтегі ең жоғарғы көрсеткіш). Жалақының өсуі -114 пайыз.

Ал екінші орында, 2017 жылы көшбасшы болған - Insead мектебі. Бұл бизнес мектептің кампусы Франция мен Сингапурде орналасқан. Мектептің өзге мектептерден айырмашылығы да осында. Түлектердің әртүрлі қауымдастығы мен халықаралық мәдениет - мектептің бәсекелестерден басты өзгешелігі.

Бір қызығы, Insead мектебінде MBA бағдарламасын оқыту -1 жыл. Ал  стандарт бойынша басқа мектепте бұл бағдарлама екі жыл оқытылады. Түлектердің орташа жалақысы - 17 7157 доллар. Жалақының өсуі - 105 пайыз.

Үшінші орында Пенсильвания Университеті жанындағы Wharton мектебі. Мектеп әлемдегі жетекші МВА мәртебесіне ие. Соңғы мәліметтерге сүйенсек,  әлемнің 100-ден астам елінен 80 мыңға жуық студент Уортонда білім алып отыр. Бітірушілердің орташа жалақысы - 19 0826 доллар. Жалақының өсуі - 96 пайыз.

Financial Times рейтингін америкалық бизнес мектептер басымдықпен толтырып тұр.(100-дің 50-і америкалық бизнес мектеп). Британдық -14, қытайлық -7 және француздық -5 бизнес мектептері  берілген.

Қания Табыс

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы