Экономика
Медиа
Financial Times: Қазақстандықтар үлкен өзгерістерді күтуде
Financial Times Қазақстандағы соңғы оқиғаларды саяси, экономикалық өзгерісті күткен қазақстандықтардың толқынысы деп бағалады.
«Қазақстан реформаны күтуде» деген мақаласында соңғы алты аптадағы жер реформасына қарсылық, Ақтөбедегі оқиғалар мен қазақстандық бизнесменнің төңкеріс «жасамақ» болуының түп-төркіні экономикалық қиындықтарға байланысты деп жазады басылым.
«Соңғы жиырма жылда тұрақты дамып келген мемлекет қиындықтар алдында тұр. Теңге өткен жылы 45 пайызға құнсызданды. Мұнай бағасы құлдырауда. Қазір мұнайға тәуелді мемлекеттің бәрі –либерализация, диверсификация мен жекешелендіру туралы жиі айтады. Жекешелендіруді Ресейден бастап Сауда Арабиясына дейін жүргізуде. Қазақстан да бұдан қалыс қалып отырған жоқ, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге кірісті. Алайда экономиканы реформалау ойламаған жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстандағы жер мәселесіне қатысты толқулар соны көрсетеді. Айта кететін нәрсе, қазақстанда мұндай реформа бұған дейін жасалуы қажет еді. Өйткені жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекеттің жерінің 10% ғана фермерлер игеріп отыр. Алайда бұл реттегі қателік жергілікті халықтың мақсат-мүддесін ескерместен, үкімет шетелдіктердің мүдделеріне көбірек бет бұрды. Енді тек бұл ғана емес басқа да экономикалық реформаларды жүзеге асыру қиынға соғады. Өйткені кейбір қалаларда жұмыс беруші бір ғана компаниядан бар. Олар сатылса, жаңа жұмыс беруші қысқарту сияқты істерді жүзеге асырса халық қарсылығына тап болады. Мұндай жағдайда реформаның жүзеге асуы қиындайды. Бұған дейін де экономкалық реформалар баяу жүзеге асып келген еді. Ендігі жерде бұдан да баяулауы мүмкін. Реформалар баяу жүрген жерде қатер де жоғары. Аяғына жетпеуі мүмкін» делінген мақалада.