Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Fitch: 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2,5%-ға дейін баяулайды

Fitch: 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2,5%-ға дейін баяулайды

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2,5% деңгейінде болады деп болжап отыр, 2016 жылы – 3,5%.

"Fitch Қазақстандағы өсім 2015 жылы 2,5% және 2016 жылы 3,5% деңгейінде болады деп болжам жасады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 4%-ға, ал 2010-2013 жылдардағы жыл сайынғы орташа көрсеткіштен 5,6%-ға төмен. Өсім баяулауы тиіс. Мұнай бағасына қатысты жағдай әлсіз жеке тұтыну арқылы өз ықпалын тигізуде", - делінген агенттік таратқан материалда.

"Үрдіс ағымдағы шоттың тапшылығына келе жатыр", - деді агенттіктің аға директоры Пол Роукинс Алматыда бейсенбі күні өткен жыл сайынғы Fitch Ratings конференциясында.

Похожие материалы