Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Fitch Қазақстан рейтингін "BBB+" деңгейінде белгіледі

Fitch Қазақстан рейтингін "BBB+" деңгейінде белгіледі

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі шетелдік және ұлттық валютадағы Қазақстанның ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингтерін (ЭДР) сәйкесінше "BBB+" және "A-" деңгейлерінде растады, ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжам - "тұрақты" деп хабарлайды агенттік.

Шетел валютасындағы басым қамтамасыз етілмеген облигациялардың рейтингі "BBB+" деңгейінде расталды. Ел шыңының рейтингі "A" деңгейінде расталып, шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР - "F2" деңгейінде.

"Тұрақты" болжам төмендеу және жоғарылау тәуекелдері теңдестірілгендігін білдіреді.

Сонымен қатар Fitch Қазақстанның банк жүйесіне "В" деңгейіндегі тұрақтылық рейтингін берді, бұл банк жүйесінің ұқсас банк жүйелеріне қатысты әлсіздігін көрсетеді, мемлекет тарапынан қолдаудың жалғасу ықтималдығын білдіреді.

"Қазақстанның сыртқы сауда жағдайлары дүниежүзілік мұнай бағасының кенет құлдырауынан күрделі шығын шекті. Бұған қоса Қазақстанның ірі серіктестері болып табылатын Қытай мен Ресейдегі жағдай - рубльдің құлдырауы, Ресейдегі терең рецессия перспективалары және Қытайдағы экономикалық өсімнің баяулауы, сонымен қатар бірқатар ТМД елдерінде жүргізілген девальвальвациялар кері әсер күшін арттыра түсті. Соның салдарынан сауда серіктестерінің валюталарынан қарағанда теңге біршама аса бағаланған болып көріне бастады", - делінген хабарламада.

Fitch Қазақстанның инфляциялық нысаналау саясатына көшуін дұрыс бағыт деп есептейді, себебі бұл саясат ел экономикасына сыртқы факторлардың ықпал етуін жұмсартып, долларлануды шектеуге мүмкіндік береді.

Агенттік болжамына сүйенсек, Ұлттық банк қабылдап отырған шаралар жыл соңына дейін қаржы жүйесіндегі NPL деңгейін 30%-дан 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

"Бірақ бұдан әрі теңгені кенеттен құнсыздандыру жаңа NPL пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін", - делінеді агенттік хабарламасында.

Похожие материалы