Экономика
Fitch ірі Еуропа банктерінің рейтингін төмендетті
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі сейсенбі күні Еуропаның 20 ірі банкінің рейтингін төмендетті, мұндай әрекетке дағдарыс болған жағдайда бұл банктердің мемлекеттік қолдау алу ықтималдығының өзгеруі себеп болды деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Deutsche Bank AG, Commerzbank AG, Banca Monte dei Paschi di Siena SpA және Bankia SA банктерінің ұзақ мерзімді несиелік рейтингтері төмендетілді. Рейтингілік әрекеттер Германияның екі ірі банкімен қатар, Испанияның бес қаржылық компаниясына және Италия, Португалия, Ирландия мен Австрия елдерінің банктеріне (әр елде төрт-төрттен) бағытталды.
"Fitch-тың пікірінше, бірақатар заңнамалық, реттеуші және саяси бастамалар АҚШ, ЕО және Швейцария банктерінің мемлекеттік қолдауды алу ықтималдығын төмендетті", - делінген агенттік мәлімдемесінде.
Егер Ұлыбритания ЕО-дан шығуды шешсе, Deutsche Bank бұл елден өздерінің кейбір опрерацияларын шығаруды қарастырып отыр делінген банк хабарламасында.