Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — Fitch Ratings агенттігі "АТФБанк" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін "B-" деңгейінде растады. Болжам - тұрақты.
Fitch Ratings талдаушыларының пікірі АТФБанктің «капиталға қатысты активтер сапасының ықтимал аз проблемаларына», сондай-ақ "қажет болған жағдайда шығындарды жабу үшін пайдаланылуы мүмкін АТФ банкінде кіші борыштың едәуір резервтері (2019 жылғы ІІІ тоқсанның соңында нормативтік талаптарды ескере отырып мөлшерленген активтердің 10%-ы) бар" дегенге негізделген.
Сондай-ақ, Fitch сарапшылары АТФБанктің пайда мен шығындар туралы есепке сәйкес шығындарды өтеу қабілетінің жақсарғанын атап өтті. Агенттіктің талдаушыларының қорытындысында соңғы екі жылда Қазақстанның қаржы нарығында болған оқиғаларды да ескерілді.
"Банк үшін сыртқы жағдайлар таяудағы бірнеше жыл ішінде қатаң болады. Осылай күтіледі. Алайда, бұл АТФБанктің стратегиялық міндеттерін жоққа шығармайды - бұл біз үшін міндет болып саналады, оны еңсере отырып, біз бұдан әрі банктік қызмет көрсету нарығындағы құзыреттілік деңгейімізді көтереміз», - деді АТФБанк Басқарма Төрағасы Сергей Коваленко.
Оның айтуынша, банк реттеуіштің пруденциялық нормативтер бөлігіндегі барлық талаптарын толығымен орындайды. Сонымен қатар, өтімді активтердің деңгейі 270 млрд теңгеден астам теңгені құрайды.
"Бұл дегеніміз, банк біздің стратегиямыздың шеңберінде әрі қарай дамуға, сондай-ақ клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға мүмкіндік беретін барлық қажетті ресурстарға ие", - деп атап өтті Сергей Коваленко.
Еске сала кетейік, бұған дейін Moody's Investors Service халықаралық агенттігі АТФБанктің алты рейтингін бірден жоғарылатқан, ал тағы бір беделді S&P Global Ratings халықаралық агенттігі АТФБанк рейтингін «Тұрақты» болжамымен «B- / B» деңгейінде растаған.
"АТФБанк" АҚ тұрақты даму динамикасының арқасында Қазақстанның ірі банктерінің қатарына кіреді. ҚРҰБ 2019 жылғы 1 қарашадағы мәліметтеріне сәйкес, АТФБанк активтер көлемі бойынша 6-орында, сондай-ақ кредиттік портфель көлемі бойынша 5-орында және депозиттік портфель көлемі бойынша 6-орында, нарық үлесі: тиісінше 5,2%, 6,8% және 4,8%.