Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылы 9 тамыз күні Fitch Ratings рейтинг агенттігі «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BBВ-» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты».
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ активтер көлемі бойынша Қазақстанның ЕДБ арасында 3 орынға ие. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Банк активтері 1,98 трлн теңгені құрады.
«Сбербанк» АҚ Еншілес банкі
Шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «BBВ-» деңгейіне дейін көтерілді, болжам «Тұрақты».
Қысқамерзімді ЭДР «F3» деңгейіне дейін жоғарылатылды.
Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AA+(kaz)» деңгейінде расталды, болжам «Тұрақты».
Тұрақтылық рейтингі «b+» деңгейінде расталды.
Қолдау рейтингі «2» деңгейге дейін көтерілді.
Қамтамасыз етілмеген басым құқықты борыш: рейтинг «BBВ-»/«AA+(kaz)» деңгейіне дейін көтерілді.
Субординацияланған қарыз: рейтингтер «BB+/«AА(kaz)» деңгейіне дейін көтерілді.
«Біз үшін Fitch Ratings Агенттігінің рейтингімізді көтеруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айқын көрсеткіші болып табылады. Сбербанк Қазақстан тұрақты дамып келе жатқандығын көрсетуде, біз қол жеткізген «Тұрақты» рейтингі бұның дәлелі болып табылады. Сондай-ақ банктің «тұрақты коммерциялық орнықтылықты» көрсетуге және ары қарай дамытуға арналған кеңістігі бар екенін айтып өткен жөн», - деп айтты «Сбербанк2 АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.