Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Fitch Ratings "Қазақтелеком" мен "Кселл" болжамдарын жақсартты

Fitch Ratings "Қазақтелеком" мен "Кселл" болжамдарын жақсартты

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Fitch Ratings рейтингтік агенттігі "Қазақтелеком" және "Кселл" ("Қазақтелеком" АҚ еншілес ұйымы) болжамдарын "позитивті" деңгейіне дейін жақсартты, сәйкесінше әр компания бойынша эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін "BB+" және "ВВ" деңгейінде растады.

Рейтинг бойынша болжауды жақсартудың негізгі факторлары - 2018 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" компаниясының "Кселлдің" 75%-ын сатып алуы және ағымдағы жылдың 19 маусымында Tele2-мен бірлескен кәсіпорындағы қалған 49% үлесті сатып алу бойынша мәмілені қаржыландыру үшін жалпы сомасы 80 млрд теңге болатын "Қазақтелеком" облигацияларын табысты орналастыру. Өз кезегінде, "Кселл" рейтингі бойынша болжамның жақсаруы бас компания – "Қазақтелеком" рейтингінің жоғарылауын көрсетеді.

Сондай-ақ, агенттікте "Қазақтелеком" рейтингтері компанияның тіркелген және мобильді байланыс сегменттеріндегі басым нарықтық позицияларына, тұрақты еркін ақша ағынын генерациялауға, орташа левериджем мен қолайлы реттеуші ортаға негізделгенін атап өтті. Агенттіктің пікірінше, барлық мәмілелер аяқталғаннан кейін қызметтің неғұрлым ірі ауқымы компанияға желіні оңтайландыру мен операциялық шығыстар есебінен кірістілікті арттыруға және генерациялауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 маусымында Fitch Ratings "Қазақтелеком" рейтингін ВВ+ деңгейінде растады және елдегі ұялы оператордың көлемі бойынша екінші "Кселл" акцияларының бақылау пакетін сатып алу және Tele2/Алтел бірлескен кәсіпорнында толық иелену "Қазақтелекомға" абоненттік базасы бар нарықтың мобильді сегментінде көшбасшы болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Похожие материалы