Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фитнес клуб ашуға арналған бизнес жоспар

Фитнес клуб ашуға арналған бизнес жоспар

Сіз еліміздің 20%-дан астам халқы спортпен белсенді түрде шұғылданатынын білесіз бе? Сонымен қатар, Қазақстандағы фитнес клубтардың табысы жыл сайын 30%-ға артады екен. Әлемдік фитнес-индустрия біріншілігінде АҚШ мемлекеті тұр. Америкадағы фитнес клубтарының қаржы айналымы жылына 10 миллиард доллар. Қазақстандағы фитнес клубтардың саны 4000-нан асқан. Жылдық айналымы шамамен 200 миллион доллар екен. Яғни әлеуметтік маңыздылықты мақсат етіп осыны тиімді бизнес көзіне айналдыруға болады  деген сөз. 7kun.kz Қазақстанда қалай фитнес клубын ашу жолын түсіндіреді.

Инвестициялық жобаның мақсаты: фитнес клуб және тренажер залын ашу

Қызмет түрі: фитнес

Жобаның құны: 5 700 000 теңге

Өтелу мерзімі: 2 жыл

Жобаны бастар алдында клубка келушілердің мақсатты тобын анықтап алған дұрыс. Біздің мақсатты топ 14 және 60 жас аралығында.  Клуб жалға алынған залда орналастырылады.

Маркетинг стратегиясы 

Клубтың қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл аудару керек. Клубтың ашылуына 1 ай бұрын жарнама компаниясы өз жұмысын бастауы қажет. Ең алдымен интернетте жеке web-қор ашылады, оған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарына және клуб орналасқан ауданда  жарнамалар таратылады.

Сонымен қатар спорттық дүкендерді  ынтымақтастыққа тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Нұсқа ретінде клубтың реквизиттері және жеңілдік көрсетілген карталарын таратуға болады. Әр келушіге жеңілдіктер және бонустық шегерім жүйесін енгізу де клиент тарта түседі.

Техникамен жабдықтау

Спорт техникасын  түсінген спортшыға қандай да бір спорттық жабдықты дұрыс қолдану және жылжыту қиынға соқпайды. Әр келушіге жаттықтырушы 1 ай алдын-ала жаттығу бағдарламасын жазып береді.

Жабдықтар және бұйымдар  (техника)

Жобаның жүзеге асуы нәтижемінде төменде көрсетілген жабдықтар алынылатын болады:

12255737_739223009541379_214533478_o

Бірінші операциялық жылдық кіріс және шығыс есебі

1111111111111111111Өткізуден алынған түсім қызметі2222222222222222222222222222222Жедел және тікелей шығыстар 3333333333333333333

Еңбекақы төлеу:4444444444444444444444444

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді ( 1 852*2 + 1 852 АЕК *4 қызметкер = 88,896 теңге). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (2 400 000 теңге * (1-10%) * 5% = 120 мың теңге), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең. 5555555555555Негізгі құрал-жабдық өтемпұлы: 3 805 000 теңге * 10% = 308 500 теңге.

Корпоративтік табыс салығы: 10 800 000 ( Өткізуден алынған түсім қызметі) * 3% = 324 000 теңге.

Жобаңызға қайдан қаржы табуға болады?

Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, 3 жылда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында .

«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы да өз ісін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қарастырады. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаржатын бөлуді қарастырады.

Мәліметтер Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы дайындаған «Шағын бизнес үшін  100 жоба» кітабынан алынды.

Фото:dublon.kz

Жұлдыз Ерік "7"

Похожие материалы