Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - Британиялық физик Стивен Хокинг 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BBC ғалымның отбасына сілтеме жасап.

1960 жылдардың басында Хокингте амиотрофикалық склероздың алғашқы белгілері байқала бастады, кейін бұл ауру оны сал ауруына (параличке) әкелді.

Стивен Хокинг 1942 жыл 8 қаңтарда дүниеге келген. 1962 жылы ол Оксфорд университетін бітіріп, ал 1966 жылы Кембридж Университетінің Тринити Хол колледжінде Ph.D дәрежесін алды.

1965 жылдан бастап Кембридж Университетінде жұмыс істей бастады. 1968—1972 жылдары Теоретикалық астрономия Институтында, 1972—1973 жылдары Астрономия Институтында, 1973—1975 Қолданбалы математика және Теоретикалық физика кафедрасында жұмыс істеді. 1975—1977 жылдары Гравитация теориясынан сабақ берді. 1979 жылдан бері математика профессоры. 1974—1975 Калифорния технологиялық институтында степендиат болған Хокингтің негізгі зерттеулері - космология мен кванттық гравитацияға арналған.

Оның Термодинамиканың қара құрдымдарға қолданылуы, 1975 жылы қара құрдымдардың белгілі құбылыстадың әсерінен (Хокингтің сәулеленуінен) булануы сияқты жетістіктері бар. Ал, 2004 жылы 24 шілдеде  Хокинг қара құрдымдарда ақпараттардың жойылуы туралы баяндама тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы