Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

FlyArystan қазан айында халықаралық рейс ашады

FlyArystan қазан айында халықаралық рейс ашады

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Отандық лоукостер Fly Arystan ішкі рейстерден бөлек, халықаралық рейстерді де ұшырады. Бұл туралы «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер айтты.

«Жақын арада халықаралық рейстерді ашу қарастырылып жатыр. Әзірге, Fly Arystan әуе компаниясының флотында екі ұшақ бар. Келесі аптада Қазақстан ішіндегі алғашқы рейстер ашылады. Үшінші және төртінші ұшақтар шамамен 2019 жылдың қазан айында келеді, сол кезде халықаралық рейстерді ұшыру жұмыстарын бастаймыз», – деді Питер Фостер.

Сонымен бірге, «Эйр Астана» басшысы Fly Arystan орташа тарифі Air Astana билеттерінен үнемі екі есе арзан болатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарланғандай, FlyArystan әуекомпаниясының Алматыдан Таразға алғашқы рейстері 1 мамырда, Алматыдан Оралға – 2 мамырда жүзеге асырылады.

Жоспарға сәйкес, бастапқы кезеңде әуекомпания паркі 4 Airbus A320 ұшағынан тұратын болады – тек қана экономикалық класты 180 орындық салонмен, олар Air Astana авиакомпаниясы паркінен бөлінетін болады. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің санын 15-ке дейін арттыру жоспарлануда.

Похожие материалы