Экономика
Forbes 2018 жылдың ең ықпалды әйелін анықтады
Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Forbes 2018 жылдың ең ықпалды әйелін анықтады. Ангела Меркель өз орнын сақтап қалды.
Зерттеуге сәйкес, рейтингтің алғашқы үш сатысына ГФР концлері Ангела Меркель, Ұлыбритания үкімет басшысы Тереза Мэй, сондай-ақ ХВҚ басшысы Кристин Лагард орналасты.
2005 жылдан бастап канцлер қызметін атқаратын Меркель 2021-ге қайта сайланбайды. Бірақ ол әлі де Еуропада көшбасшысы болып қала береді.
Ұлыбритания королевасы Елизаветта ІІ 23-ші орынға, ал АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы әрі кеңесшісі - Иванка 24-ші орынға ие болды.
Атақты әнші Бейонсе 50-ші, евродипломатияның басшысы Федерика Могерини 67-ші орынға тұрақтады.