Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Ресейлік Forbes журналы "ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаған Павел Дуровтың байлығын 1,7 млрд долларға бағалады. 2017 жылы 950 млн доллар болған, деп мәлімдеді rb.ru.
Forbes журналы Telegram-ның құнын 1 млрд долларға бағалады. Ал оның негізін қалаушы - Павел Дуровты - долларлық миллиардер деп атады.
Басылымның болжауынша, Telegram-ға арналған TON блокчейн платформасын іске қосса, Дуровтың байлығы бұдан да көп болуы мүмкін.
Forbes-тің Ресейдегі ең бай адамдар тізіміне Дуров алғаш 2016 жылдың ақпан айында кірген. Сол кезде басылым оның дәулетін 600 млн долларға бағалаған.
Қания Табыс