Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Forbes онжылдықтағы ең бай спортшылар тізімін жариялады

Forbes онжылдықтағы ең бай спортшылар тізімін жариялады

Forbes  журналы соңғы он жылда ең көп табыс тапқан спортшылар тізімін жариялады. Рейтингке соңғы 10 жылда спорттық мансабында зор табысқа жеткен спортшылар алынған.

Бірінші орында, гольфшы, Тайгер Вудс тұр. Оның 10 жылдағы  кірісі шамамен $845 млн. Айта кетсек, 683 апта бойы әлемдегі гольфшылар арасында Вудс көш бастап келеді. Оның негізгі табыс көзін American Express, Gillette, Accenture және AT&T брендтерімен коммерциялық әріптестік әкелді. 

Екінші орында боксшы - Флойд Мейвезер. Оның  кірісі $660 млн. Жалпы табысының жартысын Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен соң ие болған. Ең көп табыс тапқан спортшылардың үштігінде баскетболшы Коби Брайант тұр. Брайанттың соңғы он жылдағы табысы —475 млн доллар.

Сондай-ақ үздік ондыққа баскетболшы Леброн Джеймс (472 млн), гольфшы Фил Микельсон (468 млн), теннисші Роджер Федерер (455 млн), футболшы Дэвид Бэкхам (441 млн), боксшы Мэнни Пакьяо (432 млн), футболшы  Криштиану Роналду (407 млн) және футболшы Лионель Месси (350 млн) кіреді.

Похожие материалы