Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Forbes Youtubе арқылы жоғары табыс табатын блогерлер тізімін жариялады

Forbes Youtubе арқылы жоғары табыс табатын блогерлер тізімін жариялады

Forbes басылымы 2014-2015 жылдар аралығында Yotube видеохостингі арқылы жоғары  табыс тапқан блогерлердің тізімін жасады.

Бірінші орын 25 жастағы Швецариялық Феликс Кьелльбергке бұйырды. Лақап аты - Pewdiepie. Кьелльбергтің каналы видео ойындарға арналған. Өткен жылы иесіне 12 миллион табыс әкелді. Оның 40 миллионға жуық көрермені бар.

Екінші орында- Smosh комедия дуэті. Олар бес каналды жүргізіп отыр, оның біреуі испан тілінде. Smosh-тың табысы 8,5 миллион доллар.Осындай қаражатты тағы бір комедия дуэті  Fine Brothers тауып отыр. Олар Рафи және Юэнни Файн каналын жүргізеді.Рейтингтің келесі орнын скрипкашы Линдси Стирлинг иеленді. Ол 2007 жылдан бері өз роликтарімен бөлісе бастаған. Осы уақыттан дейін 6 миллион доллар тапты. Сонымен қатар тізімге  Rhett & Link дуэті кіреді. Олар KSI ойынын шолушылар. Табыстары 4,5 миллион доллар.

Көрсеткіштер 1 маусымда жарияланған Nielsen, IMDB ақпараттары мен YouTube блогерлерінің өздері және олардың агенттерінің мәліметтері бойынша есептелді.  Бұл салық төлеміне дейінгі сома.

Похожие материалы