Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ford электросамокаттарды жалға алу стартапын сатып алды

Ford электросамокаттарды жалға алу стартапын сатып алды
Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - Американдық  Ford автоөндіру компаниясы  калифорниялық  Spin стартапын сатып алды. Бұл стартап электрсамокаттарды жалға берумен айналысады. Осылайша Ford Bird және Lime сияқты сервистермен нарықтың осы сегменті үшін күресуді жоспарлап отыр, деп жазады Financial Times газеті. Ford X стартаптарының инкубаторын басқарушы Санни Мадра:«Электросамокаттарды жалға беру бизнесі барлық жерде феноменальды қарқынмен дамып келеді», - деп атап өтті. Ford Spin-ді сатып алу келісімінің көлемін жарияламады. Axios басылымының мәліметтері бойынша, автоөндіруші сервис үшін 40 млн доллар төледі. Ford оның электросамокаттарын жалға беру қызметі 2020 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 100-ден астам қалада жұмыс істейтін болады деп жоспарлап отыр. Бұл жоспарды жүзеге асыру «елеулі инвестицияларды»  талап етеді, деп атап өтті Санни Мадра. Санни Мадра Ford-тың бәсекелестер алдында біраз артықшылығы бар деп санайды. Өйткені көптеген қалалардың билік органдарының сеніміне кірген. Сәйкесінше электросамокаттарды жалға беру сервисін іске қосу үшін қажетті рұқсатты алу қиындық туғызбайды.

Похожие материалы