Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ford жұмыс орындарын қысқартады

Ford жұмыс орындарын қысқартады
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Америкалық Ford автоөндірушісі жұмыс орындарының бір бөлігін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сол арқылы штатты жинақы ете отырып, қызметкерлерге шешім қабылдауға көп өкілеттіліктер ұсынбақ, деп хабарлайды «Вести. Экономика» АҚ NBC News-ке сілтеме жасай отырып. Қанша жұмыс орны қысқартуға кететіндігі әлі белгісіз болып  отыр. «Көп жағдайда [қайта ұйымдастыру] стратегия туралы әртүрлі шешімдер қабылдауға байланысты», - деді Боб Шэнкс NBC News компаниясының қаржы директоры. Сонымен қатар Боб Шэнкстің айтуынша,  бұл мақсат шығындарды қысқарту ғана емес, компанияның жұмысын жақсарту үшін де қойылған. Morgan Stanley-де шамамен 12% қысқарту болады, басқаша айтқанда 24 мың адам. Жалпы әлем бойынша компанияда 202 мың жұмыс орны бар. Сарапшыладың сөзіне сенсек мұндай қысқарту автокөлік саласында бұрын сонды болмаған. Қызметкерлерді қысқарту шешімі Ford-тың қайта ұйымдастыру жоспарының бір бөлігі болып табылады. Оның құны $25,5 млрд-қа  бағаланып отыр. Ford бәсекелестерден артта қалып, бір қызметкерге шаққанда орташа есеппен 32,8 автомобильді ғана сатады. Ал оның бұрынғы бәсекелесі GM әрбір қызметкерге шаққанда 52,7 автокөлік сатып отыр.

Похожие материалы