Экономика
Авто
ForteBank Apple Pay-дің іске қосылуына орай 99% кешбэк сыйлайды
Алматы. 29 қараша. 7kun.kz – Қарапайым, ыңғайлы және ең қауіпсіз төлем тәсілі енді ForteBank клиенттері үшін қолжетімді. Осыған орай, банк өз клиенттеріне 99% кешбэк сыйлайды.
"ForteBank клиенттері - Mastercard карталарын ұстаушылар енді төлемді қауіпсіз және қолайлы, онлайн және байланыссыз жүргізуге мүмкіндік беретін Apple Pay қызметін қолдана алады. Бұл көпшілік күткен оқиға, сондықтан біз клиенттерімізді қуанту үшін, Apple Pay арқылы төлем жасауды ыңғайлы және стильді ғана емес, біздің серіктестеріміз Burger King-тің көмегімен тиімді жасай алдық" , - дейді ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Apple Pay түпнұсқалық банк карталарының деректерін сатушыға бермейді, оның орнына транзакцияларда "динамикалық қауіпсіздік коды" қолданылады. Осы іс-шараның құрметіне Банк Burger King-де сауда жасау үшін 99% кешбэк береді.