Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ForteBank Kassa Nova-ны сатып алады

ForteBank   Kassa Nova-ны сатып алады

Алматы. 14 желтоқсан. 7 kun.kz - ForteBank Nova Лизингке тиесілі Kassa Nova Банкінің 100% акциясын сатып алды.

«Kassa Nova-ны сатып алу топтың банктік активтерін біріктіреді және екі банктің де клиенттеріне өнімге және технологиялық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Банктер синергияны және олардың ресурстарының тиімділігін одан әрі жетілдіру үшін жұмыс істейді », - деді ForteBank Басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

«Банк Kassa Nova» АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Нұрымбетованың айтуынша, бұл мәміле бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес келеді.

Мәміле  Ұлттық Банкітің және өзге де кредиторлардың рұқсатын алғаннан кейін бірден күшіне енеді.

Айта кетейік, Kassa Nova  банкі толыққанды еншілес банк ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, салымшылар, кредиторлар және инвесторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады.

Похожие материалы