Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Франкфурт немесе Париж Еуропаның жаңа қаржы орталығына айналуы мүмкін

Франкфурт немесе Париж Еуропаның жаңа қаржы орталығына айналуы мүмкін

Егер Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан шығуды шешсе, Париж немесе Франкфурт Еуропаның жаңа қаржы орталығына айналуы мүмкін деп есептейді Standard & Poor's аналитиктері.

Қазір Ұлыбританияның қаржылық қызметтер секторында 1,4 млн адам еңбекпен қамтылған, және бұл сала әлемнің кез келген басқа дамыған елімен салыстырғанда ең көп тікелей шетелдік инвестицияны тартып отыр. Сарапшылардың айтуынша, ЕО-дан шығу Британияға келіп жатқан инвестициялар көлемін төмендетіп, бизнесті жүргізуге жұмсалатын шығынды арттырады. "Егер Ұлыбритания ЕО-ның еркін сауда аймағынан шықса немесе жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруы шектелетін болса, бұл тенденция тек күшейе түседі. Бұл жағдайда шетелдік банктер өздерінің трейдингтік операцияларының бір бөлігін Лондоннан шығаратынын болжауға болады", - деп мәлімдеді Фрэнк Джилдің жетекшілігіндегі S&P аналитиктерінің тобы. Британияның тауарлар мен қызметтер экспортының жартысына жуығы ЕО-ға тиесілі - өткен жылы 227 млрд фунт стерлингті (359 млрд доллар) қамтыды. Халықаралық компаниялар елдегі өкілдіктер арқылы Еуропа нарығына бажсыз шыға алады, мұнда олар үшін жинақтап есептегенде 500 млн адам болатын 28 елден тұратын нарық қол жетімді.

Похожие материалы