Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Франция мен Қазақстан президенттері Мұхтар Әбілязовты талқылап жатыр ма

Франция мен Қазақстан президенттері Мұхтар Әбілязовты талқылап жатыр ма

Астана. 30 қараша. 7kun.kz – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко журналистердің Мұхтар Әбілязовке қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

БАҚ өкілдері вице-министрге бүгін Франция мен Қазақстан президенттерінің кездесуінде Мұхтар Әбілязов туралы талқы болып жатыр деген ақпарат бар екенін айтып, одан бұл туралы мәлімет бар ма екенін сұрады.

Ол бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырына кіретінін және бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайтынын атап өтті.

«Жағдай Қазақстан ғана емес, оның ішінде Еуропа мен АҚШ-та да сот және құқық қорғау органдарының құзырында. Өздеріңіз білесіздер, Мұхтар Әбілязов мырза құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған. Қазақстанда 20 жыл мерзімге сотталды. Сонымен қатар оны Лондонның Жоғарғы соты БТА банктен 4 млрд долларға жуық ақшаны ұрлағаны үшін сотты. Бұған қоса, оған қатысты басқа да сот істері бар, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Францияда. Ал біздің елден БТА банк, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Әділет министрлігі қарсы тарап болып есептеледі», – деп түсіндірді Василенко.

Сондай-ақ министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстан мен Франция арасында экстрадициялау туралы келісім жасалған жоқ.

«Бұл бұдан әрі француз тарапымен талқыланады. Менің білуімше, Әбләзов мырзаға қатысты белгілі бір сот процестері қазір Францияның өзінде өтуде», – деді вице-министр.

Похожие материалы