Дауыс берушілердің бюллетеньдерін толық санап біткен соң Макрон 58,55%, Марин Ле Пен 41,45% дауыс жинаған. Ал халықтың сайлауға дауыс беру белсендігі 63,23% болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Макронның басты қарсыласы Ле Пен өз жеңілісін мойындады. Алайда француз халқына берген уәдесін толық орындаймын деп уәде берген. Нақтырақ айтқанда, оның «Ұлттық бірлестік» партиясы парламент сайлауына белсене кіріспекші.
Франция президенті бес жылда бір сайланады. Дауыс беруге 49 миллиондай халық қатысады. Биылғы сайлауда 12 үміткер болды. Франциядағы сайлау додасы 12 сәуірде басталған.
Алайда Ле Пен жақтастары сайлау қорытындысымен келіспей, Франция көшелерінде жаппай наразылық шараларын өткізіп жатыр. Көшеге шыққандар Макронның жеңісіне риза емес. Шерушілер полиция қызметкерлерімен қатығысып, олардың көліктерін атқылауда. Ал полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр.