Франция президенті Франсуа Олланд тікұшақ тасымалдайтын "Мистраль" кемесін қазір Ресейге жеткізу мүмкін емес деп aмәлімдеді. Ол әскери кемелер үшін алған алдын-ала төлемді қайтарып бермек ниетте деп хабарлайды Le Figaro басылымы.
Оның сөзінше, 24 сәуірде Еревандағы Владимир Путинмен кездесуде "Мистральді" жеткізудегі барлық сұрақтар талқыланбақ.
"Қазіргі уақытта Ресейге "Мистральді" жеткізу мүмкін емес. Бұл жерде кемелер жеткізілмесе, олар үшін ақша алудың қажеті жоқ деген қарапайым принцип орындалады. Қазіргі жағдайда не ақша қайтарылады, не жеткізілімге төлем төленеді", - деді ол.
16 сәуірде"Тікелей желі" кезінде Владимир Путин француздар "ақшаны қайтарып береді" деген сенімдеміз деп мәлімдеген еді. Кремль басшысының сөзінше, Ресей Парижден айыппұл мен тұрақсыздық төлемін талап етпейді, бірақ барлық шығынның қайтарылуын көздейді.
Ресей мен Франция арасындағы "Мистраль" жеткізу туралы келісім-шартқа 2011 жылдың 17 маусымында қол қойылған еді. Келісім-шарт талабы бойынша, әскери кеме тасымалдаушы бірінші "Владивосток" кемесі ресейлікке жаққа 2014 жылдың күзінде берілуі қажет. Алдын-ала төлем ретінде Парижге 1 млрд еуро жіберілді. 2014 жылдың күзінде Олланд келісім-шарттың орындалу уақыты Украинадағы жағдайға байланысты кері шегеріліп жатқандығын мәлімдеді. Ресей бірнеше рет Франциядан кемелерді жеткізуін немесе ақшаны қайтаруын талап еткен.
Наурыз айында «Рособоронэкспорт» басшысы Анатолий Исайкин "Мистраль" мәселесіндегі нақты шешім мамырға қарай белгілі болады деп мәлімдеді. Оның атап өтуінше, Франция қандай жағдай болмасын Ресей кеменің салынуы үшін төлеген қаржыны қайтарады әрі оның өте үлкен көлемде болады.