Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Француздық ривьера немесе Лазур жағалауына саяхат

Француздық ривьера немесе Лазур жағалауына саяхат

Француздық ривьера Жерорта теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Ерекше сұлулығының арқасында Лазур жағалауы деген атқа ие болған. Ұзындығы шамамен 300 км. Аймағында Францияның Сен-Тропез, Ницца, Ванс, Валлорис сынды курорттық қалалары бар. Сондықтан еліміздің қалаларынан Лазур жағалауына саяхаттау үшін, әуе ұшағымен, ең алдымен, Мәскеу қаласына жол тартамыз. Одан кейін жағалау аймағында орналасқан кез келген қалаға билет алсаңыз болғаны. Монако княздығы да жағалау аймағына кіреді.

[caption id="" align="aligncenter" width="730"]Француздық ривьера немесе Лазур жағалауына саяхат Фото: tranio.travel[/caption]

Лазур жағалауында танымал қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Chateau de La Messardiere, Sezz Saint-Tropez, Библос Сен Тропе және т.б. Ал Ницца қаласындағы Жерорта теңізі сарайы мен Сен-Тропе қаласындағы Мессардьер қамалы әлемдегі ең әдемі қонақ үйлердің қатарына кіреді. Бұлардың барлығы бес жұлдызды болғандықтан, бөлмені бір күнге жалға алу құны 600-700 евроны (200-250 мың теңге) құрайды. Дегенмен, қаражатыңызды үнемдеу үшін жоғары деңгейлі қызметі болмаса да, жақсы демалуға болатындай кішігірім қонақ үйлерді табуға болады. Олардағы бөлмені жалға алу бағасы 90 евродан (30 мың теңге) басталады.

Теңіз жағалауында демалу үшін тегін де, ақылы да жағажайларды табуға болады. Теңіз саяхаты да өте жақсы дамыған. Сондықтан кемеге отыруға немесе желкенді қайықты жалға алуға ниетті болсаңыз, арнайы жалға беру қызметін ұсынатын орындарды жағалаудың кез келген бұрышынан табасыз. Одан бөлек, судағы спорт түрлерімен айналысуға барлық мүмкіндік жасалған.

Елді-мекеннің тағамдары туристердің үлкен сұранысына ие. Мейрамхана мен кафелерде қонақтарға дәстүрлі тағамдардан бөлек, экзотикалық тағам түрлері де ұсынылады. Тамақтанудың орташа бағасы 35-50 евро (12-18 мың теңге) аралығын құрайды.

Француздық ривьераға бара қалсаңыз, сол аймақтарда өтетін көрмелерге, концерттер мен спектакльдерге баруды ұмытпаңыз. Жыл сайын шілде-тамыз айларында жұртшылыққа арналған «Пикассо в Валлорис», «День Традициям», «Фейерверк» сынды түрлі көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Одан бөлек арнайы фестивальдар мен гүлді парадтарға, марафондарға қатысып көрсеңіз де болады. Ал түнгі аспанда салюттің атылғанын жиі тамашалай аласыз.

[caption id="" align="aligncenter" width="4368"]Француздық ривьера немесе Лазур жағалауына саяхат Фото: tmc-mice.ru[/caption]

Лазур жағалауындағы такси қызметінің бағасы арзан емес. Сонымен қатар, қолды көтерумен, күнделікті үйреншікті әдіспен кез келген өзіңізге ыңғайлы орында таксиді тоқтатуға болмайды. Таксиді ұялы телефон арқылы шақыруға немесе такси тұрағында ғана ұстауға болады. Төлем жолдағы арақашықтықты есептеу құралы (счетчик) арқылы жүргізіледі.

Похожие материалы