S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp. тиесілі компаниялардың несие рейтингтерін төмендетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Олардың қатарында:
- «Фридом Финанс» СК» ЖШС В-дан CCC-ге дейін;
- «Фридом Финанс» АҚ, Банк Freedom Finance Kazakhstan, Freedom Finance Global PLC,
Freedom Finance Europe Ltd. В-дан В-ға дейін.
Рейтингтің төмендеу себептерінің бірі топтың есеп беру валютасы АҚШ доллары саналады. Бірақ негізгі функционалдық валюталар қазақстандық теңге және ресейлік рубль болып табылады. Осы себепті Агенттік топ валюта бағамының күрт әлсіреуі нәтижесінде бағамдық айырмашылықтардан шығынға ұшырау мүмкіндігін болжайды.
«Қазақстандық және кипрлік компаниялар клиенттерге халықаралық бағалы қағаздар нарығында сауда жасауға мүмкіндік бере отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Біз топтың кірістерінің 10%-дан азы Ресейден келетінін және Freedom Finance Украинадағы жалпы комиссиялық кірістің 1%-дан азын алатынын түсінеміз», - деді агенттікте.