Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Freedom компаниялар тобы Сергектің 35% үлесін сатып алады

Freedom компаниялар тобы Сергектің 35% үлесін сатып алады

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Freedom компаниялар тобы Sergek Group акционерлерінің құрамына 35% мөлшеріндегі үлеспен кіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіссөздер Sergek Group компаниясының тарапынан кейінге қалдыру талаптары орындалғаннан кейін аяқталады», – делінген хабарламада.

Компанияның негізін қалаушылар - Қайрат пен Әсет Ахметовтар оның мажоритарлы акционерлері болып қала беретіні  атап өтілді.

«Freedom тобының «Sergek Group»-қа инвестор ретінде кіруі қазақстандық IT-саламен өзара іс-қимылды кеңейту стратегиясының жалғасы болып табылады. Мұндай жағдайда Sergek Group-тың Big Data-мен жұмыс істеу тәжірибесі бізге автосақтандыру саласында да, сондай-ақ автокредит беру саласында да неғұрлым сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да біз бұл жобаны біздің цифрлық экожүйеміздің органикалық бөлігі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар, ірі бизнес өкілдері ретінде біз қазақстандықтардың алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз және Vision Zero форматындағы азаматтық бастаманы қолдаймыз. Шын мәнінде, біз мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастықтың және азаматтық белсенділердің өзара іс-қимылы бойынша ұйымдастырушы және платформа ретінде әрекет еткіміз келеді»,– деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Sergek Group озық қалалар (Smart City) саласындағы әзірлемелермен, оның ішінде «Сергек» зияткерлік қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесімен аса танымал. Оның тиімділігі әкімшілік және қылмыстық істерді ашу және ЖКО-да өлім-жітімді азайту көрсеткіштерінде тікелей көрсетілген. Мәселен, 2017 жылдан бері тек Астана қаласының өзінде жол-көлік оқиғаларында өлім-жітімнің 40-50%-ға дейін азайғаны және қоғамдық орындарда қылмыстың 70%-ға дейін азайғаны байқалады.

Похожие материалы