Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы Қазақстан қор биржасында (KASE) үшжылдық облигацияларын үлестіру арқылы 980 млн теңге қаражат тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың 1-17 шілде аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамының ауысуына байланысты индекстелген облигацияларды орналастырудың алғашқы жазылымы болды. Үлестіруге нақты бағасы 1 млрд теңге болатын облигациялар ұсынылды.
"Мәлімдемеде облигациялардың теңгемен белгіленген бағалары көрсетілді. Сатып алушылар кез келген баға бойынша өтініш беруге құқылы болды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Өтініштерді жинау уақыты аяқталғанда, KASE сауда жүйесіне 1 млн қағазды сатып алуға 37 өтінінш түскен. Жеке тұлғалар тарапынан 35 өтініш (136,7 мың облигация), ал брокер-дилерлік компаниялар тұтынушыларынан (заңды тұлға) 2 өтініш (940,5 мың қағаз) түскен.
Барлық өтініштер активті деп танылды. Өтініштердегі минималды баға - 970,1 теңге, максималды баға - 980,2 теңге.
Осылайша, жалпы сұраныс қол қою барысында 1,1 млрд теңгеге жетіп, ұсыныс көлемінен 7,8 пайызға артты. Заңды тұлғалар тарапынан сұраныс - 918,6 млн теңге (жалпы сұраныстың 87,3 пайызы), жеке тұлғалар тарапынан - 134 млн теңге (12,7 пайызы).
Үлестіруінің қорытындысы бойынша, "Фридом Финанс" 1 млн облигация орналастыру рқылы 976,85 млн теңге қаражат тартты. Барлығы 37 келісімшарт жасалды.
Үлестіруге KASE қор нарығының 4 мүшесі қатысты.