Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Фридом Финанстың" басқарма төрағасы ауысты

"Фридом Финанстың" басқарма төрағасы ауысты

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — "Фридом Финанс" АҚ-ның басқарма төрағасы ауысты. Бұл қызметті енді Сергей Лукьянов атқарады.

Бұрын аталған лауазымды Роман Миникеев иеленген.

"2020 жылдың 10 ақпанынан бастап "Фридом Финанс" басшысы лауазымын Лукьянов алады, бұл қызметті 2013 жылдың шілдесінен бастап атқарған Миникеев басқарма төрағасының кеңесшісі болып қала береді", - делінген"Фридом Финанс" хабарламасында.

Сонымен қатар, компания президенті Сергей Гришин 6 ақпаннан бастап өз міндетін тоқтатады.

"Одан әрі ол Expert leasing (Freedom Holding Corp-на кірмейді) басқарушы серіктес қызметін атқарады және Freedom Finance Insurance Директорлар кеңесінің мүшесі болып қалады", - деді компанияда.

Похожие материалы