Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Foodmaster" компаниясының тарихы

"Foodmaster" компаниясының тарихы

1995 жылы кәсібін бастаған жас бизнесмендер Қазақстанда танымал бола қоймаған йогуртті неге өндіруді бастамасқа деген идея көтереді. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, сүт шаруашылығын бастайды. 15 жылдық еңбектің нәтижесінде  «ФудМастер» компаниясы Қазақстандағы сүт өнімдерін оның ішінде елімізде алғаш рет йогурт өндірген компания ретінде танылып келеді. Биыл ірі азық-түлік холдингі 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Компанияның іргетасы қалай қаланды

Есіктен кейін "Фудмастер" компаниясы 1998 жылы Шымкент қаласына зауыт салды. Алғашында кәсіпорын  компанияның Оңтүстік Қазақстан облысы Көксәйек ауылындағы бөлімшесі ретінде құрылған. Кейінірек жоғарты технологиялы сүт зауытына айналды.  Бірақ "ФудМастердің" құрамында зауыт тарихының басталуы 2009 жыл деп саналады. Сол жылы Павлодар сүт зауытына ауқымды жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кәсіпорын шын мәнінде, ең заманауи сүт өндіру алаңдарының бірі бола алды. 2004 жылдан бастап "ФудМастер" халықаралық Lactalis компаниясының құрамына кірді. Француз фирмасы әлемде ең жоғары сапалы сүт өнімдері мен ірімшік өндіруден көшбасшы болып табылады. Lactalis-тың әлемнің 70 елінде 200 кәсіпорыны  бар. Компанияның француздық алпауытқа қанша акциясын сатқандығы нақты белгісіз, бірақ сол уақыттан бастап "ФудМастер" "француз капиталындағы қазақстандық кәсіпорын" статусына ие болды. Отандық фирмаға қызығушылық танытқан тек париждіктер ғана емес еді. Орта Азия нарығына шығу үшін ресейлік "Вимм-Билль-Дан Продукты Питания" компаниясы "Фудмастерді"  сатып алу мүмкіндігін қарастырған. Бірақ "ВБД" топ-менеджерлері бүгінде отандық кәсіпорынның бәсекелесі болып табылатын Қырғызстандағы "Бішкексут" зауытын таңдайды. "Юнимилк" пен "Данон" да Орта Азия нарығына қазақстандық компания арқылы шығуды ойластырған.  Осы саладағы дереккөздердің айтуынша, азық-түлік холдингінің инвестициясын құйған америкалық Agribusiness Partners International қоры француздық Lactalis-ке жалпы акциясының 80 пайызын сатқан. Болжаммен келісім құны 45-50 млн долларды құрайды. "ФудМастердің" сол кездегі бас директоры Сәкен Сейфуллиннің айтуынша, осы келісім арқылы отандық нарыққа жаңа француздық өнімдер келе бастады.

Медальдың екінші жағы

2010 жылы "ФудМастер" компаниясының бұрынғы қызметкерлері мен әріптестері компания өнімдерінің сапасы төмен және тұтынушылар үшін қауіп туғызатындығын мәлімдеп, баспасөз-мәслихатын өткізді. Бұрынғы аймақтық менеджерлерінің сөзінше, кәсіпорын сүттерінің құрамында "құрғақ сүт" мөлшерден көп қолданылады. Ал қораптың сыртында оның табиғи шикізаттан жасалынғаны айтылып, бағасы өзгеріссіз сатылады. Сондай-ақ, олардың айтуынша, компания жасанды түрде төмен сұрыпты сүт сатып алады, ал одан жасалынатын өнімдердің құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті элементтер болуы мүмкін. Және аталған кемшіліктер кәсіпорынды француздық Lactalis сатып алғаннан кейін пайда болған.  Бұған жауап ретінде "ФудМастердің" өндіріс объектілеріне пресс-тур ұйымдастырмақшы екендігі хабарланды. 2014 жылы холдинг сүт қабылдайтын бекеттер санын 22 пайызға, қайта өңдеу үшін қабылданатын шикі сүт көлемін 50 пайызға дейін ұлғайтты. "ФудМастер" АҚ-ның басқарма басшысы Аида Сапарғазинованың сөзінше, соңғы 4 жылда компанияға 3,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған. Кәсіпорын 90 фермерлік шаруашылықпен және 70 қарапайым өндірушілерді біріктіретін екі ірі жеткізушімен серіктестік орнатады. Қазіргі таңда компанияның үш зауыты, 16 сауда филиалы және екі жеке сүт-тауар фермасы бар. Күн сайын зауыттар 200 мың тоннадан астам сүт шикізатын өңдеп, 120 түрлі тауар шығарады. Тұтынушыларды айран, қаймақ, «Үй» сүзбесі, «Дольче» йогурттері, «БИО-С Имун+» ұйыған сүті сияқты көптеген басқа да сүт өнідерімен қамтамасыз етеді.

Біріншілік пальмасы

n21995   Қазақстанда алғаш болып йогурт өндірген.   n2-1997   Қазақстанда алғаш болып сұйық йогурт өндірген.   n2-41999   Қазақстанда алғаш болып картон қаптамада ультрапастерленген сүт өндірген.   n2-2001   2001 жылы беделді халықаралық TUV Reinland (Германия) сертификаттаушы органының сертификатына ие болып, халықаралық ISO 9001:2000 стандарты талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізе бастаған алғашқы азық-түліктік компания. n2-2005   Қазақстанда алғаш болып түйіршіктелген сүзбе өндірген.

Похожие материалы